Жеке бизнес ашу, кәсіпкерлік – бұл қызметтердің ішіндегі ерекше сала, ерекше еңбек түрі. Жаңа кәсіп ашу – мықтылардың, жасампаз жандардың ғана қолынан келетін іс деуге болады. Кәсіпкер дегеніміз тәуекелшіл адам, инновациялық өзгерістерге икемді жан, жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға. Ол өз дегеніне қол жеткізу арқылы елінің экономикасын жақсартуға үлесін қосатын мүмкіндікке ие. Сондай тұлғалардың бірі – Фарида ханым!

 Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде  2 ақпан күні сағат 14:00де «Мамандығым – мақтанышым!» тақырыбында  модельер- конструктор тобының 1 курс студенттерімен Фарида Мерхамитқызы  «Ерке-Нұр» компаниясының президенті, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Нұр Отан саяси кеңес мүшесі, Алматы қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері жөніндегі комиссияның мүшесі, стилист-модельер , «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасының Алматы қалалық кеңесінің мүшесі, ҚР Мәдениет ісінің үздігі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Алматы қаласының маслихат депутаты өмірі мен еңбек жолы арқылы ынталандырып күш жігер беру мақсатында шақырылған, Zoom қонағы ретінде қатысып, әңгіме - сұхбат өткізілді. Оқушылар тарапынан көптеген қызық сұрақтар қойылып, белсене қатысып, білімдерін шыңдап, қызығушылықтарын танытты.

- Дүниеде қай елде болсын, қандай жағдайда болсын 3 түрлі пышақ,  не қайшыдан өлмейтін кәсіп жасауға болатындығын, мысалы тамақ жасайтын пышақ, шаштараздың қайшысы  және біздің  киім пішетін қайшымыздан  тек адам бар жердің барлығында, кәсіп жасауға болатындығын жастарға түсіндіріп, осы оқыған конструктор- модельер білімдерін ары қарай дамытып,   небір тамаша киімдер тігіп,  өміріне нәсіп болатын жұмыс  жасауға   болатындықтарына сендіріп, болашақта еліміздің мықты конструктор -модельер болуларына,  жеңіл өнеркәсіпті дамытатын кәсіпкерлер  болуларына тілектестік  білдірді.

https://www.facebook.com/100008604166837/posts/2664323123864467/?d=n