Көктемнің алғашқы күні оқу орнымызға бірлік пен берекенің шуағын шаша келді. 1 наурыз - Алғыс айту күнін колледж білім алушылары шынайы көңіл күймен қарсы алды. Жас ұрпаққа ауызбіршілік пен татулықты насихаттайтын бұл мерекені Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің білім алушылары асқан белсенділікпен атап өтті, сынып сағатының уақытында белсенді оқушылардың қатысуымен мерекелік іс-шара аталып өтілді. Сабақ аралығында радиохабарлардан мерекенің шығу тарихы, мəн-мағынасы жайлы ақпараттар таратылды. Колледждің белсенді білім алушылары əрбір оқытушы мен білім алушыларға əр түрлі тілдегі "Рақмет" сөзі жазылған қағаздар таратып, тамаша көңіл-күй сыйлады.
Біз, жас ұрпақ, Қазақстанның болашағымыз. Біз оны құруға және қорғауға, бейбітшілік пен халықтарарасындағы достықты нығайтуға, тарихымызды терең тануға тиіспіз!