Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған патриоттық іс-шаралар өткізу
Қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі – балаға патриоттық тәрбие беру жөнінде еліміздің қаһарман жазушысы Б.Момышұлы: «Ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан және шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері қалыптасқан, тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты» деген. Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие ісінің өзегі болып табылатын бұл белгілер, яғни, тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру, патриоттық ісәрекетін ұйымдастыру оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнынан бастама алып, сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстарда жалғасын тауып отыратыны баршаға мәлім.
Осы жұмыстарды орындау мақсатында 8.10.2021жылы сағат 15:00де Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде Алматы қаласы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған патриоттық іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасы аясында көрнекті қайраткерлердің, этномәдени ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.