Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің ұжымы 8 - наурыз әйелдер күніне арналған «Ана-тіршілік тірегі» атты салтанатты іс – шара өткізді. Салтанатты іс шараны мерекелік құттықтау сөзбен колледжіміздің директоры Жаниязова Жарқын Лепесқызы бастап, «Әлемнің жарығы» атты хормен жалғасын тапты. Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді. Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен. Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана! Осындай игі сөздермен салтанатты іс шараны аяқтадық. Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға береке - бірлік, еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық тілейміз!