2020 жылдың 15 мамырында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаменті директорының орынбасары Ғанижан Асанұлымен, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің оқушылары арасында «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбындағы «Адалдық сағаты» өткізілді.
Адалдық сағатының басты мақсаты: Оқушыларға жақсы біліммен қатар, әділдік, парасаттылық, сенім құндылықтарының маңызын түсіндіру.
«Адалдық сағатының» барысында парасат биігіне жету жолындағы игі мақсат пен қажыр-қайрат туралы тағылымды әңгімелер баяндалды. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының еңбектерінен мысал келтіріліп,«Талапты ерге нұр жауар», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Әуелі өнер ізделік қолдан келсе, ең болмаса еңбекпен мал табалық» деп өнер іздеуге, адал еңбек етуге,оқушыларды шақырды. Сонымен қоса, қашықтық оқу форматында білім алып жатқан оқушыларымыздың өз-өзіне деген адалдығы, жауапкершілігі жайында да сөз қозғалды.