Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінде «Туыммен тұғырлы, елтаңбаммен еңселі, әнұранмен айбатты» атты ғылыми конференция өтті.
Конференцияның мақсаты : өз елінің өткен тарихын біліп, ата – бабамыз аңсаған, ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен келген тәуелсіздікті бағалауға, Қазақстанның болашағы ұрпақ қолында екенін сезіне білуге тәрбиелеу.
Конференцияның бағдарламасы:
1. Кіріспе « Мақтанышым мемлекеттік рәміздер» - Букенбаева Аружан
2. «Рәміздер тарихы сыр шертеді» - Бекболатова Мадина
3. «Елтаңба тарихы» - Маратқызы Диана
4.«Тудың тарихы» - Исағұл Құралай
Ғылыми конференция салтанатты ашық деп жарияланып, мемлекеттік әнұран айтылды.

Алматы