Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде 2022 жылдың 25 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай, Ауған соғыс аударгерлері Бейсенбаев Әуез Тұлмаханұлы, Темешов Абзал мырзалармен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты:

  • өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар

жауынгер ағалар ерлігін үлгі ет отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету;

  • Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін

қастерлеуге тәрбиелеу.

         1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен
Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
         Ұзақ жылдар бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.

         Армысыздар, ауғандық жауынгерлер

         Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.

         Өлгендерді жәннатта болсын жаны,

         Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!

         Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,

         Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті

         Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,

         Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.

Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ағаларымыз біздің ортамызға келіп, кездесу барысында оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, патриоттық сезімдері оятты.