Кәсіптік білім берудегі инклюзивтік кеңістік: әдіснама, оқыту технологиясы  және тәжірибе.

    Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жоспарына сай  2022 жылдың 5 мамырында  Алматы технология және флористика  колледжі базасында қалалық семинар ұйымдастырылды.

    Семинардың мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беру бойынша тәжірибе алмасу

     Қалалық семинарға 21 мемлекеттік колледжден директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер және психологтар қатысты. 
Жалпы қатысушылар саны 63 адам.

     Қалалық семинарға Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдреймова Мөлдір Абдрашитовна «Кәсіптік техникалық білім беруде инклюзивті оқыту ерекшелігі» тақырыбында  колледжіміздегі атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Семинар соңында қатысушылар инклюзивті білім беруде қолданылатын нормативтік актілерге байланысты, тәжірибе ұйымдастырудағы мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстар берді.