«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы Алматы қаласындағы колледж студенттерінің арасында пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңін өткізді.
Турнирдың мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; студенттердің бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.
Колледж студенттері арасындағы пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңіне Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің «Millenium» дебат клубының мүшелері белсене қатысқаны үшін, сертификат алып қайтты.