Осы сағаттарда еліміз қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткеруде, әрқайсымыз осынау қиын сағатта Президентімізбен бір тұтастыққа жиналып, ең алдымен террористер мен қарақшыларға біздің деструктивті жолға дұшпандығымыз туралы ақпараттық тойтарыс беруіміз керек. Ел Президентінің ҰҚШҰ елдеріне біздің заңды органдарға көмек көрсетуде үндеу жасауы уақыт талабы деп санаймын.
Елбасының қабылдап жатқан шаралары елдегі жағдайды бейбіт жолмен тұрақтандыруға бағытталғанына сенімдімін. Мұндай формадағы шеру мен митинг – ешбір мемлекет үшін ешқайда бармайтын жол. Объектілерді, дүние-мүлікті қирату, тонау арқылы құқықтық мемлекет құру мүмкін емес. Өз еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірін қалыптастыру - өз қолымызда екенін ұмытпайық.