Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы "Мониторинг және талдау орталығы" 2021 жылғы 8 қыркүйекте Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің студенттері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дәріс өткізді.

Кездесуде Алматы қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, дінтану ғылымдарының PhD докторы Дүйсенбаева Альбина Курахбаевна сөз сөйледі. Сарапшы "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбында дәріс оқыды.

Тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері, экстремистік және террористік ұйымдарға тартудың психологиялық әдістері туралы айтылды. Сондай-ақ, спикер қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және мемлекеттің өркендеуі үшін конфессияаралық келісімнің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.