25.09.2012 Адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директор, «Holiday Inn» қонақ үйі, Алматы қ., Абдрахманова С.С. «Қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру» мамандығының студенттерімен семинар өткізді. Салтанат Сапаровна студенттердің назарын мынадай мәселелерге арнады:
- қонақ үй-жайларды күтіп ұстауға арналған санитарлық-гигиеналық талаптар;

- қонақ үйдің орналасқан жері;

- қонақ үй өнеркәсібінде маркетинг;

- «қызмет көрсету» және қонақ үй қызметтерінің ерекшеліктері; - заманауи қонақүйді басқару жүйесі;

- брондау, брондау әдістері;

- қонақ үйде болу кезінде клиенттерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру; - қонақ үйден шығу тәртібі мен рәсімі;

- ұсынылатын қонақ үй қызметіне ақы төлеудің тәртібі мен түрлері;

- пайдаланылмаған қызметтерді қайтару;

- бөлме қызметі, негізгі қызметтері, үй шаруашылығының түрлері;

 - қонақ үй қызметтері арасындағы өзара іс-қимыл жүйесі.

            Салтанат Сапаровна тәжірибелі маман ретінде кез келген сұраққа жауап берді. Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Біздің студенттер осы білімдерді өз жұмыстарында қолданатынына үміттенеміз.            Колледж әкімшілігі осындай семинарларды үнемі ұйымдастырады. «Holiday Inn Almaty» және «The Ritz Carlton Almaty» сияқты қаланың жетекші брендтері колледждің базалық қонақүйлері болып табылады. «Қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру» мамандығының тәрбиеленушілері осы қонақ үйлерде үнемі тәжірибеден өтеді. «Holiday Inn Almaty» және «Ritz Carlton Almaty» көптеген жылдар бойы Алматы мемлекеттік техникалық қызмет көрсету колледжімен тығыз қарым-қатынаста.