Руководитель комитета по делам молодежи. 

Пшенбаева Перизат Сакеновна

Тел: 87758437772;

Электронный адрес: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қазіргі таңдағы жоғары білім жүйесі университетте  авторитарлық педагогикадан тұлғалы бағдарлы педагогикаға деңгейіне бағытталды. Бүгінгі қоғамның демократиялануының нәтижесінде отансүйгіш азаматтардың корпоративтік рухын қалыптастыратын қоғамдық бірлестіктердің саны артуда.   Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жастар мемлекеттік саясатының тұжырымдамасымен «Қазақстан-2020: Болашаққа жол» бағдарламасы қазақ жастарының заманауи бейнесін айқындап берді. Ол отансүйгіш, білімді,  дені сау, жауапкершілігі мол және қуатты, экономиканың қай саласында да беделді қызмет атқаратын, үш тілді еркін меңгерген, қазақы салт- дәстүрмен тәрбиеленген, толерантты, ізденімпаз әрі танымал, құрметті тұлға — жастарымыз. Осыған байланысты  колледжімізде  түрлі клубтар, жастар бірлестіктері жұмыс атқарады. Колледжімізде: студенттік өзін -өзі басқару ұйымы, «Жас Отан» Жастар қанаты,  «Жас экономист» секілді ұйымдар мен клубтар  қызмет етіп келеді.

Жастар ісі жөніндегі комитет жұмысы

Колледждегі  Жастар ісі жөніндегі комитет келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

-ҚР мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, студент жастардың әлеуметтік қорғалуы мен құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету;

-колледж жастарының санасына отаншылдықты, рухани-адамгершілікті сініру;

-өзін-өзі басқару және қызығушылықтары бойынша құрылған клубтардың, колледждің қоғамдық ұйымдарының жұмысын үйлестіру;

-студент жастар арасындағы құқық бұзушылық, жемқорлық іс-әрекеттер мен діни экстремизмге қарсы алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру;

-қоғамдық-саяси, адамгершілік, этно-мәдени және салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шараларды ұйымдастыру;

-студенттер арасында темекі тартатын студенттер санын азайту, нашақорлықпен күрес мақсатында сауықтыру-тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу;

-тілдер кафедрасымен бірлесіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін іс-шараларды ұйымдастыру;

-мәдени және шығармашылық дүниетаным элементтерін, аға буынға деген ілтипатты, адамгершілік-психологиялық қарым-қатынасты насихаттауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.

Жастар ісі жөніндегі комитеттің құрамы және олардың міндеттері:

Әлеуметтік-ұйымдастыру жетекшісі – мәдени іс-шараларды өткізуде, техникалық құралдармен қамтамасыз етуді қадағалау, осы бағытта барлық іс-шаралардың ұйымдастырылуын қадағалау. Сахнаны дайындау, қатысушыларды ұйымдастыру.

Білім жетекшісі – ғылыми жобалар мен олимпиадалар ұйымдастыруға көмектесу. Ғылыми жоба жасауға бейім студенттерді анықтау. Сабақтан үлгерімі төмен студенттерге көмек көрсету.

Мәдени-бұқаралық жетекші – сценарийге мәліметтерді іріктеу. Іс-шараларға сценарий құру. Дарынды жастарды анықтау.

Спорт жетекшісі  – спорттық іс-шараларды ұйымдастыру. Спортқа бейім студенттерді анықтау. Дене шынықтыру мұғалімдерімен тығыз қарым-қатынас орнату.

Студенттік жатақхана кеңесі жетекшісі – бөлім бойынша жатақханада тұратын студенттерді қадағалау және жатақханадағы мәдени-іс-шараларды ұйымдастыру.

БАҚ жетекшісі – колледждегі  іс-шараларға қатысты хабарландыру таратумен және қажетті ақпараттар жинақтаумен айналысады.

Тәртіп жетекшісі – әр бөлім мен жатақханадағы студенттердің тәртібін қадағалап, колледж  имиджін көтеруге атсалысады, студенттер арасында өзара түсіністік, сыйластық қатынастарын қалыптастыруға ұйытқы болады.

Хатшы – Әр-бір өткен жиналыстың, мерекелік шараның хаттамасын толтырады.

Көңілді тапқыштар клубы – КТК ойындарын ұйымдастырып, жастардың осы бағытта ізденіп, шығармашылық өсуіне көмек көрсетеді.

Рухани жетекші – әр түрлі дін өкілдерімен кездесулер ұйымдастырып, студенттерді дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыруға көмек көрсетеді.

Колледждің студенттік өзін-өзі басқару комитеті

Студенттік өзін-өзі басқару -студенттердің оқуын, тұрмысын, бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, студенттік бастамаларды қолдауға қатысты өзекті сұрақтарды шешу бойынша бастамашыл, өздік, қоғамдық қызметінің ерекші үлгісі.

 

Нұрсылтанұлы Дәулет

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы

Студенттік өзін-өзі басқару жүйесіндегі ең маңызды рөл топтағы әрбір студенттік өзің-өзі басқаруда белседе қатысуына қол жеткізетін ұжым.

 


 

Мамытбеков Нұрбек

Әлеуметтік желі жетекшісі

Студенттік өзін-өзі басқару колледждегі оқу-тәрбиелік басқару жүйесінің элементі бола келіп, коғамдық ой-пікірді зерттеу негізіндегі студенттердің қажеттіліктері, қызығушылықтарын максимал есепке алуды жобалайды.

 

Сыдық Элмира

Топ басшылар жетекшісі

Студенческий совет – это Ваш шанс найти себя, раскрыть все свои таланты и возможности, развить их до высшего уровня и показать ВСЕМУ МИРУ, на что вы способны и чего вы стоите. Каждый здесь сможет выбрать что-то для себя, а если нет – всегда есть возможность создать своё направление и возглавить его!


 


 

 

Білім жетекшісі

Бәкей Мәншүк


 

Кәсіподақ төрәйімі

Кунанбаева Дария


Тұраров Қуандық

Тәртіп жетекшісі


Ыбырайым Қанағат

Хатшы


 Құрманғазыұлы Қайырхан

Рухани жетекшісі


 Жұманазар Абзал

КТК  жетекшісі


 Мұхаммедәли

Спорт жетекшісі


Сасанова Салима

Бишілер жетекшісі


Қанибек Нұрперзент

Мәдени ұйымдастыру жетекшісі