15 ноября 2022 года прошел день открытых дверей в Алматинском государственном колледже сервиса и технологий на тему «День работодателя». В рамках мероприятия проведены различные мастер-классы, тренинги, лекции и деловые игры с участием специально приглашенных гостей и выпускников, а также круглый стол на тему «Выпускник колледжа. Трудоустройство в условиях производства на базе прохождения производственной практики».
Цель мероприятия:
Оказания содействия трудоустройству выпускников колледжа, обеспечения социальной защиты и улучшения положения на рынке труда молодых специалистов, развития механизмов социального партнерства с организациями.

«Туризм» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Ахметов Е.Б. бастауымен 1-2 курс білім алушылары «Шарын» шатқалына экскурсия жасап қайтты. Алматы облысы, Райымбек ауданында орналасқан Шарын шатқалы - Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі. Шарын шатқалы табиғатының әсемдігі мен көзтартар ерекше сұлулығымен белгілі.
Шарын шатқалында биіктігі 150-300 метрге дейін жететін «Қамалдар аңғары», «Жалмауыз кемпір шатқалы» және т.б. құмды жарлар бар. Жергілікті халық шатқалды «қорғанды қамалдар аңғары» деп атайды. Аңғар ұзындығы шамамен 2 шақырым, ені 20-80 метрге дейін барады. Шатқалдан ежелгі суретшілердің төл туындыларын көруге болады. Жабайы аңдардың бейнесі арқылы бұл аймақта палеолит дәуiрiндегі құс-жануарлардың мекендегенін аңғаруға болады. Сондай-ақ, аңшылық пен саятшылық кәсіптердің болғаны нақты айқындалған.
Шатқал бойымен ағатын Шарын өзені Алатаудан бастау алып, Іле өзеніне құяр жолында Жалаңаш үстіртін кеседі. Шарын өзеніне кіші өзендер келіп құяды. Өзен ағысы секундына 10-12 шақырымға жетеді. Бұл ағыс рафтинг спортына жарамды. Өзеннің арнасының кеңдігі 35-40 метрге дейін жетеді.
Шарын шатқалының табиғаты жануарлар мен өсімдіктерге бай. Бұл жақта ұя басатын құстардың 103, бауырымен жорғалаушылардың 25, сүтқоректердің 62 түрі мекендейді. Шатқалда өсетін 1500 өсімдіктің 17 түрі «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына» енген.

Алматы қаласының колледж оқушылары арасында XXVI қалалық спартакиадасында "Тоғызқұмалақ" спорт түрінен 2-орынға ие болған Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің тобын құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болсын!

 

 

 

2022 жылдың 2 қарашасында Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде, 1ПК-9Б тобының білім алушыларымен арнайы пәндер оқытушысы Қалжанова А.Д. «Своеобразие и противоречивость романа Ф.М.Достоевского  «Преступление и наказание»» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  Басты мақсат: «Қылмыс пен жаза» романының шығармашылық тарихымен таныстыруды жалғастыру, жазушының көркемдік мәнерінің өзіндік ерекшелігі мен сәйкессіздігін көрсетіп, жазушының дүниетанымдық ерекшеліктерін аша отырып, романның мазмұнымен таныса бастау.

 

Республика күні: 13 жылдан соң қайта "оралған" мерекенің тарихы мен маңызы қандай?
Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлады. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті. Алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ.
Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Ал 2009 жылы аталған заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және бұл әдеттегі жұмыс күніне айналды.
Осы орайда Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде "Жалпы білім беретін" циклдік әдістемелік комиссиясының арнайы пәндер оқытушысы бастауымен "Менің Отаным - Қазақстан" атты ашық іс-шара ұйымдастырылды.