15 қазанда колледжде "База - основы основы"тақырыбында мастер – класс өткізілді. Шеберлік сабағын "WELLA PROFESSIONAL" қола жаттықтырушысы Сабирходжаева Халидам Абдукаримовна өткізді. Мастер - класс аясында модельдерде "Painting"техникасы бойынша шашты бояу пысықталды. Painting бояу техникасы орташа ұзындықтағы шашқа тереңдік пен көлемнің керемет әсерімен табиғи контрастын бояуға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Республикалық семинарға қатысушылар арасында "Шаштараз өнері және сәндік косметика"мамандығының 3-4 курс студенттері болды.