2018 жылдың 14 қарашасында Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі қазақ тілінде латын жазуына негізделген бірыңғай ұлттық диктант жазды. Іс-шараға қазақ тілінде оқытылатын барлық мамандықтардың студенттері және колледж оқытушылары қатысты. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 қаулысымен бекітілген 2025 жылға дейін қазақ тілінің әліпбиіне кезеңмен өту жоспарына сәйкес жүргізілді.