МАҚТАНЫШЫМ-МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздер  күні 1992 жылдың 4-маусымында алғаш рет тәуелсіз қазақ елінің туы, елтаңбасы және әнұраны туралы заң қабылданды. Содан бері мемлекеттік рәміздер еліміздің айбынын асырып, рухын асқақтатып келеді. Елдігіміздің, ұлтымыздың белгісіндей болған мемлекеттік рәмізіміздерге биыл 25 жыл толып отыр. Егеменді Қазақстанды жер жиһанға тәуелсіз мемлекет ретінде танытуда мемлекеттік рәміздеріміздің айтарлықтай үлесі зор.  Осыған орай Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінде ұйымдастырылған «МАҚТАНЫШЫМ-МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР» атты салтанатты іс-шара өтті.

Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман тілегін жеткізетін ерекше құндылықтар.  

Алтын күннің астында қияға қанат қаққан алтын құс пен ұлттық ою бейнеленген тудың авторы - Шәкен Ниязбекұлы.

Ал ұлттық тарих пен ұлттық рухқа тұнып тұрған қазақ елінің елтаңбасы - Жандарбек Мәлібекұлы мен Шота Уәлиханұлының  еңбегінің жемісі.

Туымен тұғырлы, елтаңбасмен еңселі қазақ елі әнұранымен айбарлы. Ән ұран, ел ұраны көрнекті компазитор Шәмші Қалдаяқовтың әніне жазылған әнұран авторлары: Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев.    

Рәміздер мемлекеттің ең қадірлі, ең қастерлі, нышандары сол себепті оларды аяқ асты етуге, қорлауға тиым салыныды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін. Күніміз мәңгі сөнбесін, ұлттық рухқа осыншама кемел жеткізген елтаңба әлемде сирек кездеседі десек артық болмас»- деген еді. 

Колледжде өткізілген мерекелік іс-шара ҚР-ның туы кіріліп, ән ұранды шырқаудан бастау алды. Колледжіміздің директоры Жаниязова Жарқын Лепесқызына сөз беріліп, «Көк тудың желбірегені» атты ән орындалды.

  • XVII ғасырдың 1723 жылы қазақ даласы Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасын бастан кешірді. Бейбіт халық шұбыра көшіп, қырғынға ұшырады. Ата қоныс құтты мекен мал мүлкінен айырылған.
  • XX ғасырдың басында тарих сахнасына «Оян қазақ!» - деп жар салған зиялылардың жаңа шоғыры шықты. Дербес мемлекет құруды аңсап, азаттық жолында бастарын бәйгеге тіккен Алаш қайраткерлері тоталитарлық өктемдіктің құрбаны болды.
  • Тарих қойнауында тағы бір кезең 1986жылдың 16 желтоқсаны. Алматыдағы қазақ жастарының көтерілісі. Желтоқсан құрбандары: Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова т.б жастарымыз тәуелсіздік жолында құрбан болды. Осы қиын қыстау кезеңдерінен көрініс тамашаланды.

1991 ж 16 желтоқсан - ата бабамыздың арманы орындалып, Тәуелсіздік күнінің негізі қаланды. Тәуелсіздік ең басты құндылық.  Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді, ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздерін қабылдап, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық. 2016-2017 жылдар аралығындағы басты кезеңдерге хронологиялық шолу жасалып, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелейді. Отанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, әр азаматтың міндеті, қасиетті парызы.

 

Наши преподаватели ждет Вас!